Білім бәйгесі

автор

Ауданымыздағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі (аудандық) басталды.

Таңертеңгі сағат 9.00-де физика, математика пәндері бойынша қатысушы оқушыларға аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева мен облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» әдіскері Асылжан Қажиахметова сәттілік тіледі.

Аудан бойынша олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерден – 150 оқушы, жаратылыстану[1]математика бағытындағы пәндер бойынша – 164, барлығы – 314 оқушы қатысқалы отыр. Олимпиаданың аудандық кезеңі «El Umiti» цифрлық онлайн платформасы арқылы электронды форматта өткізілуде. Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жердегі бұқаралық ақпарат құралдары мен ата-аналар комитетінің өкілдері арнайы қатысуда.

Сонымен қатар, олимпиаданы өткізу барысында «YouTube» каналы арқылы тікелей эфирмен қамтылды.

Айта кетейік, аудандық олимпиада 30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында республикалық «Дарын» ғылыми[1]әдістемелік орталығы бекіткен пәндер кестесіне сәйкес өтуде. Ендеше, білім додасына түскен оқушыларға сәттілік тілейміз.

 

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521