«Балапан» баланы далаға тастамайды

 

Елбасы Жолдауында ерекше назар аударылған барлық балаларды мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтамасыз ету мақсатындағы «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аудан бойынша 3-6 жастағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен қамту 2007 балаға өсіп, оның ішінде 1661 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, көрсеткіш 82,7 пайызды құрап отыр. Ауданда мектепке дейінгі бөбекжайдағы 38 топта 2–6 жас аралығындағы 852 бала, 12 мектептегі 24 шағын топта 3–6 жас аралығындағы 376 бүлдіршін тәрбиеленуде. 

Индербор кентіндегі Шығыс мөлтек ауданында 290 орындық «Айналайын» балабақшасы ашылып, жұмыс жасауда. Биылғы оқу жылында Бөдене ауылдық округінен 100 орындық «Балбөбек» балабақшасы іске қосылды. Индербор кентінен тағы 80 орындық балабақшаның құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Балабақша кезегінде  тұрған 1090 баланың, 469-ы күні бүгінге дейін жолдама арқылы балабақшамен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда балабақша кезегінде тұрған бала саны – 630. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 460 балаға азайғанын көрсетеді.

 

Сүйеу ХАЛЫҚОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика