Бөденелік Әсет Мүсілімов Пушкин оқуларында» топ жарды

Күні кеше Атырау қаласында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйытқы болуымен орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкин оқулары өткен болатын.

Екі кезеңнен тұратын байқауда тіл білімі бағамы бойынша ғылыми жобасын қорғап, ауданнан үздік деп танылған Бөдене орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әсет Мүсілімов өзінің шеберлігі мен белсенділігінің арқасында «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» атанып, бірінші орынды иеленді. Шағын ауылдан шыққан оқушыны бұл байқауға мектептің жоғарғы санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Фаузия Сәрсенғалиева баптап қосыпты.

- Оқуда озат оқушым Әсет Аймұратұлы бұл байқауда «Идея дома и семьи в произведениях  Пушкина» тақырыбында ғылыми жобасын қорғады. Байқау барысында әділқазы алқасының мүшелері жоба жұмысының тиісті талаптарға сай реттеліп құрылғанын, оқушының мәнерлеп оқуы да жақсы екендігін айтты. Сондай-ақ байқау кезінде орыс ұлтының қатысушылар кейбір жерлерден жаңылысып, мүдіріп қалып жатса, ал менің оқушым еш саспай, қымтырылмай, өз ойын анық жеткізе білуімен көзге түсті,-дейді ағынан жарылған жетекшісі.

Ғылыми жоба жұмысымен айналысқанына он жылға жуық уақыт болған Фаузия Жұмажанқызының оқушыларының алды, аймақтық, кейінгілері республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы екен. Ал бүгінгі байқау жеңімпазының жеңіске жетуі осы аға-апаларының салып кеткен сара жолы болса керек.

Бір кездері «Дарын» қоғамдық ғылыми жобасына зейнеткер-ұстаз Мәриям Есқазиева жетекшілік еткен кездері Бөдене орта мектебі біраз алдыңғы орындарды бермей келіпті. Сондықтан осындай ұстаз басшылық жасаған жерде әлі де мектеп оқушылар биіктерге көтеріле берері сөзсіз.

Диас АЙБАР,

Бөдене ауылы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика