Елдегі карантиндік режимнің жеңілдетуі аясында бірқатар әлеуметтік нысандардың санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өз жұмыстарын қайта бастауға мүмкіндік беріле бастады.
Оның ішінде мектепке дейінгі бөбекжайлар да бар. Аудандық білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашеваның айтуынша аудандағы «Айналайын», «Райхан», «Балдәурен», «Қызғалдақ», «Жауқазын», «Гүлдәурен», «Қарлығаш» бөбекжайларында 15 кезекші топ ашылып өз жұмыстарын бастау үстінде екен.
Аталған бөбекжайлардағы кезекші топтарда 101 бүлдіршін тәрбиеленуде. Көктемнен бермен қарай бөбекжайдан қол үзіп қалған кішкентай бүлдіршіндер бастапқы да тосырқап қалғанымен қайтадан үйренісе бастаған көрінеді.
С.КӨШЕКОВ