Аудандық "Ілияс Жансүгіров" оқулары өтті

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге баулу. Жас ақындарға рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру мақсатында аудандық Ілияс Жансүгіров оқулары өтті.
 
"Ілияс Жансүгіров" оқуларының "Ілияс - эпик ақын" бағамы бойынша оқушылар ақын поэмаларын жатқа оқудан сынға түссе, "Сұлу сөздің сүлейі" бағамы бойынша ақынның өлеңдерін жатқа оқып, прозалық, драмалық шығармаларынан алынған үзіндіні нақышына келтіріп орындаудан бақ сынасты.
 
Ал "Ағынды менің - Ақсуым" бағамы бойынша қатынасқан оқушылар ақынға арнап жазған өздерінің шығармалар жинағын ұсынып, бір-екі өлеңін жатқа мәнерлеп оқудан сынға түсті.
Байқау қорытындысында өнерімен ерекшеленген жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің I, II, III дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.
 
 Сонымен қатар, "Ілияс Жансүгіров" оқуларының әр бағамы бойынша үздік танылған оқушылар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды:
 "Ілияс - эпик ақын" бағамы бойынша Махамбет атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы А.Тайшыбай, жетекшісі М.Махметова;
"Сұлу сөздің сүлейі" бағамы бойынша Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы А.Қуанышкерейқызы, жетекшісі Р.Кенжеғалиева;
 "Ағынды менің - Ақсуым" бағамы бойынша Махамбет атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Ф.Зинел, жетекшісі Н.Кыстаубаева.
 
Оқушыларға облыстық додада сәттілік тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT