Атыраулық оқушылар жаңа цифрлық дағдыларды меңгерді

 

Атырау қаласында 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған «Цифрлық мамандықтар қаласы» атты танымдық квест-ойын ұйымдастырылды. Бұл іс-шара балаларға Халыққа қызмет көрсету орталығын, цифрлық мамандықтар мен интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыруды мақсат етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ойынға барлығы 15 бала қатысты. Қатысушылар 5 адамнан тұратын 3 командаға бөлініп, бірнеше станциядан өтетін маршруттық квестке қатысып, 60-75 минут бойы қызықты әрі пайдалы тапсырмаларды орындады.

- №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында өтіп жатқан  іс-шараның басты мақсаты — балалардың цифрлық сауаттылығын арттыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және мемлекеттік қызметтерге деген қызығушылығын ояту, - деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ АОФ PR менеджері Әділет Сәбитов.

Квест қатысушылары да алған әсерлерімен бөлісті. Олар бірнеше этаптан тұратын тапсырмаларды орындап, өздерін жаңа қырларынан аша білді.

- Маған квест өте қатты ұнады. Біз әртүрлі тапсырмаларды орындап, жаңа нәрселерді үйрендік. Ең қызығы — Халыққа қызмет көрсету орталығы туралы және интернет қауіпсіздігі туралы көп мағлұмат алдық, - деді квест-ойының қатысушысы Жанел Әуелбай. 

Ойын соңында барлық қатысушы естелік фотосуретке түсіп, сыйлықтар мен марапаттарға ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT