Атырауда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылданған әр үшінші түлек жұмысшы мамандығын таңдаған

Атырау облысында биыл 2024-2025 оқу жылын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 5745 студент аяқтады. Оның ішінде 9-сынып базасы бойынша 3520, ал 11-сынып базасы бойынша 2225 студент маман атанды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жалпы қабылданған студенттердің арасынан 1729 түлек жұмысшы мамандықтарын таңдаған.
9-сыныпты аяқтаған 1065 студент жұмысшы біліктілігі бойынша білім алса, 11-сынып түлектерінен 664 студент жұмысшы мамандығына тәмамдаған.

Облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, бұл көрсеткіш өңірлік еңбек нарығындағы нақты сұраныс пен өндірістік салалардағы жұмысшы кадрларға деген қажеттіліктің айқын дәлелі.

– Бүгінде Атырау облысында 24 колледж жұмыс істейді. Олардың барлығы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізеді. Атап айтсақ, дәнекерлеуші, электрмонтажшы, құрылысшы, аспаз, шаштараз, кондитер, техник-механик, өндірістік оператор сынды мамандықтарға қызығушылық жоғары. Бұл бағытта студенттерге тек теория емес, практикалық машықты да жетілдіруге мүмкіндік беретін дуалды оқыту жүйесі енгізілген. Өндірістік тәжірибе мен кәсіпорындармен әріптестік аясында бітірушілердің басым бөлігі жұмысқа орналасып үлгереді, – деді Атырау облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Орынгүл Нысанбаева. 

Айта кетейік, мемлекеттік тапсырыс аясында оқуға түскен студенттерге тегін білім алу, ай сайынғы шәкіртақы, жатақхана және бірқатар әлеуметтік қолдау түрі қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT