Атырауда үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

Атыраулық үкіметтік емес ұйым белсенділері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «ҮЕҰ мектебі 2.0» атты екі күндік семинар-тренингке қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараның бастамашысы - Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы “Азаматтық орталық” КММ-сі. Оған үкіметтік емес ұйымдардың 20-ға жуық белсенділері қатысты. Білім беру семинары дәстүрлі түрде «ҮЕҰ верификациясының негізі ретінде миссия мен стратегиялық мақсаттарды анықтау», «Қаржы менеджменті», «Жаңа медианың мүмкіндіктері» атты түрлі тақырыптық бағыттағы оқу модульдерін қамтыды.

tren-nur

Тренерлер Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Олар бизнес-тренер Арай Успаева, «Green Tall» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмир Әскеров және Атыраулық таргетолог, маркетолог маман - Жанболат Ізім. «Біздің орталықтың басты міндеті-ҮЕҰ-ға қалыптасу кезеңінде де, қызмет барысында да консультациялық, әдістемелік, білім беру жағынан қолдау көрсету. Тренинг 3 жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта да өткізу жоспарда бар. Оларға ҮЕҰ-ның барлық өкілдері қатыса алады», - деді Азаматтық орталық директорының м.а. Әйгерім Саулен.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тренингке қатысқандығын растайтын сертификат табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521