Атырауда "Болашақ" бағдарламасының орталығы ашылды

Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ниеттілер С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде барып құжат тапсыра алады.

Мұнда қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі, серіктес университетті таңдау бойынша кеңес беріледі. Бұл «Болашақ» Президенттік стипендиясының қосымша мүмкіндігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Университеттің міндеті - «Болашақ» бағдарламасы бойынша жас мамандар мен оқытушыларды даярлау, әлемнің жетекші университеттерінде озық тәжірибелерді дамыту.

«Біз профессор-оқытушылар құрамының құзыреттілігін көтереміз. Бұл ең жақсы академиялық бағдарламаларды дайындауға мүмкіндік береді», - дейді университет басшылығы.

Айта кетейік, бүгін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика