Арманға қанат қаққан күн

Биылғы оқу жылының қорытындысы аудан үшін табысты болды деуге болады. Мектеп қабырғасына тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан 324 түлек үшін бұл күн есте мәңгі қалады.

Олардың ішінде 299 қазақ сыныбында, 25 орыс сыныптарында білім алған оқушылар бар.

«Алтын белгіге» - 22, «Үздік аттестатқа» - 10 түлек ие болған көрінеді. Олар ең соңғы рет мектепке жиналып қолдарына аттестаттарын алды.

- Бүгінгі күн біз үшін ерекше күн. Өйткені біз «Алтын белгі» иегері болып жатырмыз. «Алтын белгі» иегері болу – біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені бұл жетістікке кез-келген адам жете бермейді деп ойлаймын. Қазіргі уақытта мұғалімдердің сенімін ақтап, тек мектептің ғана емес ауданның да мақтанышы болғанымызға қуаныштымын, - дейді «Алтын белгі» иегері, М. Әуезов орта мектебінің түлегі Алтынай Ермекова.

img-20210615-wa0023

Мектеп бітірген түлектердің ішінде 272 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына қатынасуға ниеттенген. Олардың арасында жоғары нәтиже көрсетіп қуанышқа кенелгендер де бар. Солардың бірі – Сансызбаев Айбат Саламатұлы. Сынақ кезінде 124 балл жинаған ол алдағы уақытта Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне студент атануға шешім қабылдап отыр.

Айбат САНСЫЗБАЕВ, «Көктем» қазақ орта мектебінің түлегі:

- Мен «Көктем» қазақ орта мектебінің 2021 жылғы түлегімін. Осы жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 124 балл алдым. Осы ҰБТ-ға дайындаған мектептегі мұғалімдерге, Эльмира апай және Ақтолқын апайларға өз алғысымды білдіремін. Және де үйдегі қолдау білдірген ата-анама, ағама да өз алғысымды білдіремін. Бұйырса Алматы қаласына оқу орынына түспекшімін. Өзімнің қатарластарыма, сыныптастарыма жақсы мамандық иесі болып, грантқа түсулеріне тілекшімін.

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсыру маусым айының аяғына дейін жалғаспақшы. Осы уақыт аралығында аудан түлектері сынақ тапсырып үлгеруге бекінуде.

Сұңқар ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521