Амина Америкалық алты университеттен шақырту алды

Атыраудағы NIS оқушылары шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға қабылданып, ұстаздарын, мектеп ұжымын қуантуда.

Бұл жолғы жақсы жаңалықтың жөні бөлек. Мектеп табалдырығын аттағалы бері күміс көмей даусымен күллі ұжымды ғана емес, қала, облыс жұртшылығын өзіне баурап үлгерген 12-сыныптың өнерлі оқушысы Амина Курбанова Американың 6 түрлі жоғары оқу орындарынан музыкалық индустрия бағытында білім алуға  шақырту алды.

Иә, шындығында химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептен музыка бағытына түбегейлі бет бұрған оқушының түлеп ұшуы біз үшін де ерекше қызықты жайт болмақ.  Сонымен, Аминаның әдемі вокалдық қабілетіне, әуезді үніне қызығушылық танытып, білім алуға шақырған Америкалық университеттер мыналар:

 

  1. Berklee College of Music (music management мамандығы);
  2. Drexel University (BACHELOR OF SCIENCE IN MUSIC INDUSTRY);
  3. University of the Pacific (Music Management);
  4. Appalachian State University (Music Marketing and Promotion);
  5. Loyola University New Orleans (Music Industry Studies/Business (BS);
  6. University of Hartford (Music Management)

 

Вокалмен сонау 9-10 жасынан бастап айналысатын талантты оқушымызды біз де сөзге тарттық:  

 

  • Ән әлеміне қызығушылығым хордан басталды, кейін жеке сабақтарға да жазылдым. Содан бері вокал менің өмірімнің ажырамас бөлігі іспеттес. Ал, мамандық таңдар сәтте мен ұзақ ойландым, көп ізденістен кейін мен «музыка индустриясы (бизнес және менеджмент)» бакалавр бағдарламасын таптым. Кейін бұл өте жақсы таңдау екенін түсіндім, өйткені бағдарлама менің сүйікті музыкам мен академиялық білімімді (қаржы, бизнес және т.б.) біріктіруге мүкіндік береді, – дейді Амина.

 

Оқу жылы әлі аяқтала қойған жоқ, десе де, Аминаның қолында 6 америкалық университеттің ішінен біреуін өз қалауымен таңдап, есігін айқара ашу мүмкіндігі бар.  Ал, біз әр қадамына тілекшіміз!

 

Сонымен, Атыраудағы NIS-тен шетелге оқуға түскендер тізімі әзірге мынадай:

 

  1. Елнар Камел:

Louis University (Италия),

Constructor University (Германия)

Lancaster University (Ұлыбритания)

 

  1. Ильяс Рахатов:

University of Lethbridge (Канада) – менеджмент;

 

  1. Әлия Диндербай мен Аружан Дабисова:

Northwestern University (Қатар) - медиа және технологиялар;

 

  1. Челик Энес Талип:

Lancaster University (Ұлыбритания) - Computer Science;

 

  1. Елхан Рамазан мен Аян Токтагазы

Xiamen Malaysia University:(Малайзия) – финансы, химиялық инженерия;

 

  1. Асель Тажимбетова:

Luiss university (Италия) - Business administration;

 

  1. Гайсина Камила:

The University of Messina (Италия) - Civil Engineering

 

  1. Томирис Кушекенова:

Hong Kong University of Science and Technology (Гонконг)

City University of Hong Kong (Гонконг)

 

  1. Искандер Искалиев:

The University of Calgary (Канада)

 

  1. Ақжүніс Атабай, Айнұр Екпін:

Northwestern Universitу in Qatar - Media Industries & Technology

 

  1. Сагиден Кушалиев:

Sapienza university of rome (Италия)

University of Messina (Италия)

 

  1. Амина Курбанова:

Berklee College of Music (music management мамандығы, Америка);

Drexel University (bachelor of science in music industry, Америка);

University of the Pacific (Music Management, Америка);

Appalachian State University (Music Marketing and Promotion, Америка);

Loyola University New Orleans (Music Industry Studies/Business (BS), Америка;

University of Hartford (Music Management, Америка)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521