Алғашқы сында сүрінді

Қаңтар айының 24-і мен 25-і аралығында аудандағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші кезеңі өтті.

«COVID-19» вирусының таралуына байланысты арақашықтық сақталып, үміткер сынақ өтетін ғимараттағы залалсыздандыратын тоннельден өтіп, дене қызулары тексеріледі. Елдегі індетке орай, санитарлық талаптардың барлығы қатаң бақылауға алынды.

Маңызды сынақ төрт сағатқа созылды. Аудандық білім бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, тестілеуге бағын сынауға өтініш білдірген 269 оқушының 266- сы сынаққа қатысты. Олардың бірінші күні-129, екінші күні 137- сі өзі білімін тексерген. Соның нәтижелері негізінде жоғары балл – 123-ті, төменгі балл – 14-ті құрап отыр.

Үш жылдан бері оқушылар бір жылда ҰБТ-ні төрт рет, яғни, қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсырып келеді. Бұл ретте, оқуға түсушілер білім гранты конкурсына қатысу үшін маусым айында өтетін ҰБТ-ні тапсыруы қажет. Ал бүгінгі сынақтың нәтижесі жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне ғана тапсыруға жарамды.

Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерген жоқ. Бұрынғыдай сынақ негізгі бес пән бойынша өтеді, оның 3-еуі міндетті және таңдаған мамандығына байланысты 2-еуі бейінді пән.

Жалпы, биыл ауданда 322 оқушы мектеп бітіреді.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT