Әдіскерге төсбелгі тапсырылды

Елтайдағы «Қызғалдақ» балабақшасында ұзақ жылдардан бері әдіскер болып жемісті еңбек етіп келе жатқан Айнагүл Табылдықызы Оразмұхамбетоваға көктемнің алғашқы күні үлкен қуаныш сыйлады.

Қарапайым ұрпақ тәрбиешісіне аудан мұғалімдерінің үлкен басқосуы үстінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

-Бүгінде әдіскер «Қызғалдақ» сияқты қалыптасқан дәстүрі бар тәрбие ошағын ізденіспен басқарып келеді,-деді аудандағы салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қалжан Ахметова.

Марапатыңыз құтты болсын!

С.БИСЕНОВ.

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT