Абай мұрасын насихаттаған өрендер

Сүйінші!
Облыстық "Абай оқулары" байқауына ауданнан қатынасқан 5 оқушы да жүлделі орындарға ие болды. Яғни 1 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдені қанжығаға байлады.
Қазақтың бас ақыны атанған Абай мұрасы мен ақын шәкірттері шығармашылығын насихаттауға арналған "Абай оқулары" байқауының облыстық кезеңі корытындыланды.
 
"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" атты ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу бағамы бойынша қатынасқан Махамбет атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жанатқызы Кәусар (жетекшісі Ардақ Хайрлиева) жүлделі 2  орынды, "Абайдың қара сөздері" атты қара сөздерді мәнерлеп жатқа оқу бағамы бойынша қатынасқан Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрмұханқызы Нұрайым (жетекшісі Жанар Саумекова)  жүлделі 2 орынды, "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" атты жас ақындардың өз шығармашылғы бағамы бойынша қатынасқан Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Кенжебекұлы Нұрхан (жетекшісі Мейрамгул Сапагулова) жүлделі 3 орынды, "Ұлылар әлемі" атты Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы рухани үндестік турасында эссе жазу бағамы бойынша қатынасқан "Көктем" қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Исламғали Көркем (жетекшісі Әсел Саргойшина)  жүлделі 2 орынды иеленді,
 
Ал, "Көңілім әнді ұғады" атты Абай мен Шәкәрім өлеңдеріне жазылған ән немесе күй орындау бағамы бойынша қатынасқан Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Қайырғали Нұртілеу (жетекшісі Мейрамгүл Камашева)  1орынмен марапатталып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.
 
Облыстық "Абай оқулары" байқауы жеңімпазы мен жүлдегерлерін қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз және республикалық кезеңде өнер көрсететін Нұртілеуге сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT