Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылған «100 жаңа есім» жобасы аясында білім саласының дамуына үлес қосып жүрген «Skills Academy» мекемесі республикамыздағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер мен озат оқушылардың есімін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында «Ozattar – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын» жарыққа шығарды.
Бұл мұғалімдер мен оқушыларға арналып екі бөлек кітап болып «Полиграфкомбинат» ЖШС («Атамұра» баспасы) баспаханасынан өте жоғары сапада, түрлі-түсті форматта басылып шықты. Жинаққа Республикамыздың барлық өңірлерінен 250-ден аса білім беру мекемелерінен 1500-ден астам педагог мамандары мен оқушы, студент жастары енгізілді.
Кітапта Бөдене орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Алтын белгі» иегері Ақерке Жүсіпқызының есімі де бар.
Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 20.09.18 ж. №38 (8189)
санынан оқи аласыздар.