Биыл пандемияға байланысты елімізде 2020-2021 оқу жылы екі түрлі форматта ұйымдастырылды.
Сол турасында, қашықтықтан оқу тиімділігін арттыру мақсатында оқушыларға арналған техникалық құралдар аудан мектептеріне де келіп жетті.
- Біз бүгін елдегі пандемияға байланысты Индер ауданындағы жалпы 15 орта мектепте, 1мен 11 сыныптың ортасындағы 4249 оқушы қашықтан білім алуда... Қашықтықтан оқудағы кедергіні жою үшін білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, облыс әкімінің қолдауымен, "Атырау - адалдық алаңы" кеңсесінің бақылауымен компьютерлік техникалық құралдар әкелінген болатын. Бүгінге әлеуметтік осал топ санатына жататын оқушылар, озат оқушылар және көп балалы жанұялардың оқушылары үшін алынған 240 планшет таратылып берілетін болады. Әрине, бұл тұста біздер ата - аналарға да жауапкершілікпен қарауын сұраймыз. Өйткені, алынған жалпы техникалық құралдар қайтарым негізінде берілетін болады, - деді аудандық білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Орынша Матайқызы.
Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ