12 сәуір – Ғарышкерлер күні

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Қазақ жерінен ғарышқа алғаш адамның аттанғанына бүгін тура 60 жыл толды.

Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналған уақыт. Қазақ халқының да 3 ұлы ғарыш сапарында болды.

1991 жылы 2 сәуірде Тоқтар Әубәкіров Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында дайындығын пысықтап, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Араға үш жыл салып Талғат Мұсабаев та ғарыш сапарына аттанды.

2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов екінші бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына аттанған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT