«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

 

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қараша «Әйелдерге қатысты зорлық-зомдылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады.

Полиция әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, күш көрсетушілердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ететін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады.

Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауын орындау мақсатында және көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру, тұрмыстық қылмыстыр мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда аудандық Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері өткізілетін акция туралы ақпараттары бар буклеттерді халық көп шоғырланатын жерлерде түсіндіріп, таратуда.


“Индер АПБ”

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521