Жақында аудандық өлкетану музейі аудан әкімшілігі және мәдениет үйінің қолдауымен «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тақырыбында көшпелі көрме өткізді.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында ата-бабаларымыз пайдаланған тұрмыстық бұйымдары мен қолөнер туындыларын өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатындағы жылжымалы көрмені 1000-ға тарта мектеп оқушылары тамашалады.
Сөз орайында айта кетейік, 17 мамыр күні аудандық музейде "Музей түні" өтеді. Онда ауызашар беріліп, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі назарға ұсынылады. Шараның соңы би кешіне ұласады.
А.БИСЕМБАЕВА,
музей маманы