banner_damu

Жылыойлық 18 жасар жеткіншек 1 миллион теңге ұтып алды

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғандар арасындағы ақшалай ұтыстың 8-ші кезеңі қорытындыланды – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кезекті лотореяда 1 миллион теңге ойнатылды. Ұтыстың қомақты қаржысын Жылыой ауданының тұрғыны Әділбек Қамидолла иемденді. Бұдан бөлек, 10 адам 200 мың теңгелік сертификат ұтып алды. - Миллион ұтып алдың, келіңіз деп шақырғанда сенбей келдім. Тек, қолыма сертификатты бергеннен кейін ғана рас дүние екеніне көзім жетті. Екпе алғаннан кейін, ақша ұтамын деп ойлаған жоқпын. Ұйымдастырушылар мені әрең тауыпты. Себебі, мен ауылда, мал шаруашылығыммен айналысып жатқан едім.

Өте қуаныштымын! – деді, миллион ұтыс иегері Ә.Қамидолла. Еске сала кетейік, «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтіп жатқан бұл лоторея 2021 жылдың 30 маусымында басталды. Содан бері, вакцина алғандар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңгелік сертификаттар ойнатылып, жеңімпаздары анықталып келеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика