banner_damu

Журналистер боулинг бәсекесінде бақ сынады

Бүгін Атырау облыстық бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлері арасында боулингтен турнир өтті. 4 команда арасындағы бәсекеге ардагер еңбеккерлер мен аудандық, облыстық, республикалық телеарналар мен газет, сайт журналистері, операторлары қатысты.

Шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы мен «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы ашып берді.

Ізтұрған Ұзақбайұлы өз сөзінде бүгінгі таңға дейін БАҚ қызметкерлері мен кәсіподақ арасында байланыс үзілмей, ерекше қолдау көрсетіп келе жатқан салалардың бірі екенін, алайда журналистерге тек кәсіби мерекеде ғана көңіл бөлініп, бүгінгідей тың серпін беретін сайыстар қатары сирегенін тілге тиек етіп, редакция мен телеарналар ұжымын төрімізге енгелі отырған Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, "Атырау-Ақпарат" ЖШС директоры Ысқақ Егембедиев те жүрекжарды тілегін арнап, ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.

2 сағатқа созылған ойын нәтижесі бойынша “Қараторы” тобы 3- орынға, “Атамекен” тобы 2- орынға, “Сарайшық” тобы 1- орынға ие болды.

medali

Сонымен қатар сайыстың ”Үлгілі ойыншысы” Өнербек Жаңабаев, “Үздік ойыншысы” Айбек Байзақов, “Сұр мергені” Виктор Сутягин атанды. Қызықты да тартысты өткен боулингшілер бәсекесінде Қазақ радиосының ардагері Кәрім Бахриденов, Қазақстанның Құрметті журналисі Бақытжан Жұмат та тәуір өнер көрсетіп, көпке үлгі болды.

Бас редакторлар клубының жетекшісі Жанай Амантурлиннің айтуынша, болашақта мұндай спорттық-көпшілік шараларды жиі ұйымдастыру көзделіп отыр. Жеңімпаздар арнайы кубокпен, дипломдармен марапатталды.

bauling-bari

Өз тілшіміз

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика