Жомарт жүректі Қуат

Аудан әкімі Мейірім Қалауи имандылық пен ізгілік жолында кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін елтайлық Қуат Жанесеевті арнайы қабылдап, «Жомарт жүрек» әлеуметтік жобасының «Ерен еріктілік» номинациясы бойынша марапаттады.

Айталық, Қуат Ғибатоллаұлының ұйымдастыруымен көп балалы ана Г.Құрбақоваға үш бөлмелі пәтердің кілтін табысталса, аққалалық тұрғын үйі өртенген ағайынды Даулетқалиевтардың баспанасын қайтадан тұрғызуға қаржылай көмектің жиналуына атсалысты.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға үнемі көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек», «Бақытты балалық шақ», жобалары мен «Мектепке жол» акцияларына сәйкес «Қайырымдылық етсең, қайырын көресің» атты ұранмен қаржылай, материалдық қолдаудан да тыс қалған емес.

Өз кезеңінде марапат иесі аудан әкіміне және өзінің қолдаушыларына ризашылығын білдірді. А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT