Кенттегі 111-ші сайлау учаскесіне келіп дауыс берушілер саны сағат санап арта түсті. Барлығы көтеріңкі көңілмен келіп, ақжарма тілегін жолдап жатыр.
Сондай-ақ көршілес Орал қаласының тұрғындары жол-жөнекей дауыс беруге келді. Отбасымен бірге келген мемлекеттік қызмет саласының ардагері Марат Кенжетайұлы бұл барлығымыздың азаматтық борышымыз дейді.
- Өзім талай жылдар мемлекеттік қызметте еңбек еттім. Қазір зейнеттемін. Бүгін жолда келе жатқандықтан саяси науқанға Индер ауданына келіп, қатысу бұйырып тұрған екен. Сондықтан осы 111-ші сайлау учаскесінде отбасыммен өз таңдауымды жасадым. Тілек бір. Еліміздің амандығы мен тұтастығы, - дейді ол.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ
Жолаушылар да дауыс берді
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 357
