Атырау облыстық бас редакторлар клубы Сафи Өтебаев университетімен бірлесе ҚР Президентінің жолдауы аясындағы дөңгелек үстел өтті.
Оған Атырау облысындағы белді басылымдар бас редакторлары мен Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларындағы БАҚ басшылары қатысып, жолдау жүктеген міндеттер төңірегінде ой бөлісті. Шараны Атырау аблыстық бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин ашып жүргізіп, Президент жолдауын БАҚ та насихаттаудың мазмұны күн тәртібіндегі маңызды мәселе екеніне тоқталып, қара дүрсін қағидадан арылу қажет екенін баса айтты.
Кездесуде Қазақстан бас редакторлары Клубының президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай қатысып, жолдау көтерген келелі мәселелер жөнінде ойын айтып, университет пен бас редакторлар клубының аясындағы ынтымақтастығына оң баға берді.
Шарада "Атырау-Ақпарат" ЖШС бас директоры Ж.Біркенов, аға журналистер И. Балмағанбетов, Т. Жаңабай, Н. Қабылов, Т. Берішбай сынды өзге де клуб мүшелері өз ойларымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін ортаға салды. Кездесуде сондай-ақ талқыланып жатқан БАҚ туралы заң жобасына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды.