Жолда сақ болуға шақырамыз!

Атырау облысы аумағында күзгі-қысқы кезеңде ауа-райы күрт салқындап, желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Бұл автокөлікті тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады. Ауа райының күрт бұзылуы көлік жүргізуге қауіп туғызады. Жылдың осы мезгілінде өте мұқият болу керек екендігін ескерткіміз келеді.

Жылдамдық режимін сақтау, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты, яғни дистанция сақтау және қысқы дөңгелектермен жабдықталуы, жарық шамдарының жануы маңызды, бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға бірден-бір себебші болады.

Осы орайда Индер ауданы полиция бөлімі ауа райының күрт өзгеріске ұшырауын ескерте отырып, автокөлік жолдарындағы қауіпсіздік үшін ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырамыз.

Индер аудандық полиция бөлімі       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT