Жол сапасыз болса, міндетті түрде қалыпқа келтіріледі

«Antikor.live» жобасы аясында «Әкімдер апталығында» кезекті аудан ахуалын Индер ауданы әкімі Қалауи Мейірім Жоламанұлы баяндады.

Аудан әкімі Мейрім Қалауи аяқсыз қалып отырған жол мәселесі мен сапасыз салынған тұрғыр үйлердің барын жасырмады. Алайда тікелей эфирде тапсырыс орындаушы жұмысын тапсырар кезде құрылысының сапасыз екендігі анықталса, қалыпқа келтіруді міндетті түрде талап ететіндігін уәде етті.

Карантиндік режим енгізілгенен бастап өзге аудандарға қарағанда Индер ең төменгі көрсеткішті көрсеткен. Яғни, 8 хаттама толтырылған. Соның ішінде 3 кәсіпкерлік нысан мезгілсіз сауда жасағаны үшін және 5 жеке тұлғаларға хаттамалар толтырылған.

Тікелей эфирде интернет мәселесін көтерген Айдос есімді азаматтың сұрағына «Шығыс ауылдық поселкесінде интернет жұмысы келер жылы толық қолға алынады»,- деген уәдесін берді Мейрім Қалауи.

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT