Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: 28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 71 шақырымында Өзбекстан Республикасында тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы(2 жасөспірім) оқиға орнында қайтыс болған.
Полицейлер оқиғаға орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.