ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗ

Бұл оқиға тоқсаныншы жылдардың басында болыпты. Аруақ қысып, тынымсызданып жүрген есболдық Асылбек Хасанов түніменен мазасызданып, әлде бір нәрсе үйтермелегендей дөңмеңшумен болады да таң бозара 9 мамыр күні велосипетіне отырып, өзінен өзі өзенге қарай жүріп кетеді.

Ескі Андрей, бұрынғы Қызылжардың тұсына келгенде өзеннің жағасы, жардың астынан қылтиып қозыдай бір нәрсе көрінеді. Жақындай келе оның сәби екенін біледі. Баладан жөн сұраса, үш жастағы сәби әкесінің аты Әлібек екенінен басқа ештеңе айтпайды. Содан ауылға алып келіп, әлгіндей есімді азаматтарды араласа ондай бала жоғалтқан ешкім жоқ. Қайтадан Қызылжар жақтағы малшының үйіне қарай жолға шығады. Жолшыбай аттылы Есов Өтеген Өрліктің тұрғыны кездесіп жолығады.

Ол кісі:- Ойбай, бүкіл ауыл кешеден таба алмай жүр. Іздемеген жер қалмады,- деп баланы алып, сүйінші сұрауға ауылға шаба жөнеледі. Кейін ауыл қарттары құран оқытып, қазақы ырымын жасайды. Бала демалып тұрған соң:- Сені кім тауып алды?,-деп сұраса: -Велосипед ақа,- деп жауап беріпті. Оның кім екенін анықтаған соң қуанған нағашысы Амантай Есболдағы Асылбектің үйіне келіп, ризашылығын білдіріпті.

Бұл қалай болды десек Данагүл атты қыздың әкесі қырда мал бағады да апасына еріп, Өрліктегі нағашысы Амантай Батырғалиевтің үйіне қыдырып келеді. Кейін балалармен ойнап жүріп адасып кетсе керек. Иә суға толы жыралардан құдай сақтап, аман қалуы баланың періштесі қағуынан болса, таң атпай Асылбекті жолға шығарған тылсым күште де бір құдіреттің бары рас. Бүгінде Данагүл қалада тұрмыста бақуатты өмір сүріп жатыр. Ал Асылбек Ахон Хазірет нағашыларынан дарыған емшілік қасиетімен кісі сипап, алақан шипасын дарытады.

Ж.ІСІМ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика