Зорлық-зомбылық – қоғамның дамуына, адам өмірі мен қадір-қасиетіне тікелей қауіп төндіретін ауыр әлеуметтік мәселе.
Оның кез келген түрі – физикалық, психологиялық, тұрмыстық немесе онлайн зорлық-зомбылық – мүлде қабылданбайды және қатаң айыпталуы тиіс. Қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Бұл үшін заңнаманы күшейтумен қатар, алдын алу шаралары, ағартушылық жұмыстар және жәбірленушілерге нақты көмек көрсету жүйесі тиімді жұмыс істеуі керек. Әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау – мемлекеттің де, қоғамның да ортақ міндеті. Зорлық-зомбылыққа қарсы нақты қалдам – үнсіз қалмау. Әрбір азамат әділетсіздікке бейжай қарамай, қолдау көрсетіп, қауіпсіз әрі әділ қоғам құруға үлес қосуы қажет.


