Ел болашағы – ауыл еңбегінде

Жолдау–2025 аясында ауыл еңбегіне басымдық берілуі – өте өзекті әрі уақыт талабына сай шешім. 

Ауыл шаруашылығы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі сала болғандықтан, ауыл еңбеккерлерін қолдау экономикалық қана емес, әлеуметтік тұрақтылықтың да кепілі. Жолдауда ауылдағы еңбек өнімділігін арттыру, фермерлерге қолжетімді несие беру, техника мен технологияны жаңарту мәселелері дұрыс көтерілген. Бұл ауыл жастарының қалаға жаппай көшуін азайтып, ауылда тұрақты жұмыс орындарын сақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, кооперацияны дамыту мен өңдеу өнеркәсібін ауылға жақындату – ауыл еңбегінің қадірін арттыратын нақты қадамдар. Дегенмен, негізгі нәтиже сөзде емес, іске байланысты. Егер айтылған бастамалар нақты қаржыландырумен, ашық бақылаумен және жергілікті деңгейде тиімді орындалса, ауыл еңбегі шынымен де табысты әрі тартымды салаға айналады. Ауыл адамын қолдау – елдің болашағын қолдау.

Ж.Асанов 

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT