Мұз үстіндегі жауапкершілік – өмір амандығы

Табиғи су айдындарындағы мұз әрқашан біркелкі қатпайды. Су бетінің жұқа немесе сынғыш тұстары адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін естен шығармайық. 

Мұздың қалыңдығы 10–12 сантиметрден кем болса, үстіне шығу қауіпті. Ағыс бар өзендердің, көпір маңдарының, қамыс өскен учаскелердің мұзы әрдайым әлсіз болып келеді. Сондықтан белгіленбеген, тексерілмеген аймақтарды айналып өту керек.

Ата-аналарға тағы да ескертіледі: балаларды жалғыз жібермеңіз, олардың ойыны қауіпсіз ортада өткені жөн. Топпен секіру, жарысып сырғанау, шетке қарай жүру – жазатайым жағдайлардың негізгі себебі. Мұз үстінде жарық шағылысып көрінбей қалуы, құлау, сүйек сынуы, үсік шалу қаупі бар. Егер адам суға түсіп кетсе, бірнеше минут ішінде дене температурасы күрт төмендеп, өміріне қауіп төнеді.

Төтенше жағдайда «112» қызметіне дереу хабарласыңыз. Қысқы көңіл-күйді сақтап, қауіпсіздік ережесін бірге орындайық! 

Айнур Ибатуллина

 Индер балық инспекция бөлімі бас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT