Жасанды интеллект пен цифрландыру – ел дамуының жаңа бағыты

Жолдау–2025-те жасанды интеллект пен цифрландыруды ел дамуының негізгі бағыты ретінде айқындау – заман талабына сай әрі стратегиялық маңызды шешім. 

Бұл қадам Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экономиканың барлық саласында тиімділікті күшейтуге мүмкіндік береді. Жасанды интеллектті мемлекеттік басқару, білім, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға енгізу – қызмет сапасын жақсартып, адам еңбегін жеңілдетеді. Әсіресе цифрлық қызметтердің дамуы халық пен мемлекет арасындағы байланысты ашық әрі жылдам етеді. Сонымен қатар, IT мамандарын даярлау мен цифрлық білімге басымдық беру жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Дегенмен, цифрландыру тек технологиямен шектелмеуі керек. Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау және аймақтар арасындағы цифрлық теңсіздікті жою мәселелері де қатар назарда болуы тиіс. Жалпы алғанда, жолдауда көтерілген жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты Қазақстанның болашақ дамуына берік негіз қалайды.

Л.Тынымбева

ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT