Атырауда жас спортшылар марапатталды

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Ажар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» жыл қорытынды кешін өткізді. Іс-шараға спорт мектебінің қызметкерлері, жаттықтырушылар, спортшылар және ата-аналар қатысты.

 

Кеш барысында жыл бойы үздік нәтижелер көрсеткен жас спортшылар мен жаттықтырушылар алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, мектептің шаруашылық саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер де назардан тыс қалмады. Алғыс хаттар мектеп басшысы мен директор орынбасары атынан табысталды.

 

Жүргізушілер құттықтау сөздермен қатар, жаңа жылға сәттілік тіледі.

 

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT