Жоба жеңімпазы

Сурет кейіпкерден алынған

Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен таяуда "ATYRAU YOUTH HACKATHON" инновациялық жобалар байқауы өткен болатын. Байқауға 14-29 жас аралығындағы 113 жас және мектеп оқушылары да қатысты. Екі күнге созылған идеялар байқауын облыс әкімі Серік Жамбылұлы қорытындылады. Байқау барысында аймақ басшысы жастарды толғандырған сауалдарға жауап берді.

Аталмыш байқауға Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырбек Кенжәлиев "Ғылым және инновация" бағыты бойынша қатысып, жүлделі II орын иеленді. Бұл бағыт бойынша барлығы 9 жоба қорғалған екен.

– Жоба төрт бағыт бойынша өтті. Менің қатысқаным "Ғылым және инновация" бағыты. Жобамның тақырыбы – «Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту».

Ауданымызда 2020 жылдан бастап іске асып жатқан жоба оқушыларды ҰБТ-ға, оқу сауаттылығына дайындауда қашықтықтықтан оқытуға пайдаланылады. Бұның бір тиімділігі сол – оқушылар үйінде отырып, өздерінің қалаған уақытында арнайы платформаға кіріп, дайындала алады, – дейді жоба авторы.

Т.ҚИБАТОЛЛА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521