Жоба 550 адамды қамтымақ

Биыл «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша аймақта ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған оқулар өтеді.
Бүгін жобаның бесінші кезеңі Индер ауданы, Есбол ауылдық округінде жалғасты. Аталған ауыл бойынша 50 адам тіркеліп, қаржылық сауаттылықтарын арттыруға ынталылық танытып отырған көрінеді.
Қатысушыларға тренер Бағлан Қалдарбеков бағдарламаға сай қолындағы қаражатты тиімді пайдалануды, қажетсіз шығындарды қысқартып, қарыздарын жабуды және қаржы қорын жинауды
үйретуді бастаған.

Ал жаңадан кәсіп бастаған жандарға салық есептілігі, мемлекеттен бөлінетін тегін гранттар мен несиелік қолдаулар жайында толық мағлұматтар берілетін
көрінеді.


Партия өкілдерінің айтуынша жотасы биік Индер ауданы бойынша 550 адамды оқыту жоспарланған екен. Есбол ауылы бойынша 50 адам оқуға тіркеліп өз оқуын бастады. Партия ел тұрғындарына қарызсыз қоғамды бірге қалыптастыруға үндеу тастап отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT