Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні Атырау қаласы «Атырау-Дамбы» тас жолы, Курилкино ауылы, «Альфия» мейрамханасы тұсында «Камаз» жүк автокөлігінің кінәсінен ірі жол апаты орын алып, салдарынан 2 адам қаза тапты оның біреуі жасөспірім және 4 адам ауыр дене жарақатын алған.
Жоғарыда аталған ірі жол апаттарының алдын алу үшін аудандық автомобиль жолдарында жүк көліктеріне қатысты тексеру жүргізіліп, жүргізушілер арасында тәртіпті нығайту мақсатында, Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың 07-11 наурыз аралығында «Жүк көлік»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.