Жиында журналистер жайы сөз болды

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінде «Бас редакторлар клубының» кезекті отырысы өтті. Алдымен жеті ауданның бас редакторлары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын талқылап, өз пікірлерін ортаға салды.

Отырысты «Бас редакторлар клубының» төрағасы, Индер аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жанай  Амантурлин ашып жүргізіп отырды.

zhanaj-amanturlin

Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова бұқаралық ақпарат құралдары халық пен билік арасындағы көпір екендігін айтса,  «Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов прокуратура мен полиция бөлімінен ақпарат алу қиын екендігін айта келе, жаңа заңда ақпаратқа қолжетімділік туралы нақты айтылуы қажет деді.

Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына тілшілерді қосу, баспанамен қамтамасыз ету, тәлімгер тәрбиелегені үшін тәжірибелі журналистерге өтемақы төлеу, журналистердің жәрдемақысы мен қаламақысын көтеру туралы бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

klub-zhiyn

Жиынды «Бас редакторлар клубының» төрағасы Жанай Амантурлин қорытындылап, барлық айтылған ұсыныс-пікірлер Республикалық бас редакторлар клубына жолданатынын жеткізді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT