Жерлесіміздің таланты тағы да мойындалды

Сүйінші ағайын!

 
 
ҚР Жазушылар одағының Алматыда, 12-сәуірде өткен әдеби жыл қорытындысына арналған жиынында атыраулық философ, ақын әрі жазушы Бекет Қарашинге «Бейбарыс. Заман және тұлға / Бейбарс. Эпоха и личность» атты екі тілдегі кітабының басылымы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Бұл кітап біздің әйгілі жерлесіміз, Египеттің ұлы сұлтаны, ХІІІ ғасырда ислам әлемін кресшілер мен Шыңғысханның немересі Құлағу шапқыншылығынан құтқарған Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толуына арналған.
Бекет Қарашин – ҚР Жазушылар Одағының және Халықаралық жазушылар Гильдиясының (кеңсесі Германияда орналасқан) мүшесі, отызға жуық республикалық және халықаралық сыйлықтар мен марапаттардың иесі. Оның қаламынан туған қырықтан астам кітап Қазақстанда және шет елдерде бірнеше тілде жарық көрді. Бекет Қарашин көзіқарақты оқырман қауымға Махамбет поэзиясының және қазақ жырауларының орыс тіліндегі ең үздік аудармашысы ретінде жақсы танымал. Әсіресе, ол «Я казах, небесный тюрк» атты атақты әрі атышулы поэмасымен кеңінен танылды, бұл туындыны кейіннен өзі «Мен көктүрікпін, қазақпын» деген атаумен қазақ тіліне аударды. Бұл өлең әлеуметтік желіде миллиондаған рет қаралып, көптің назарын аударды, талай пікір жазылды. Оқырмандар авторды көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі деп атады.
Биыл Бекет Мұқанәліұлы мерейлі 70 жасқа толады. «Алаш» әдеби сыйлығы осы мерейтойға лайықты сый болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT