ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖАСТАРҒА СЫЙ ЖАСАДЫ

Туған жеріне деген шынайы сүйіспеншілік пен спортқа жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен жерлесіміз, «Денхолм жолдас» ЖШС-нің бас менеджері Асқар Мұқсиев Индер ауданының жастарына үлкен қуаныш сыйлады.

Ол Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің сыртқы ойын алаңына жарық шамдарын орнатып берді. Бұл игі іс балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, саламатты өмір салтын ұстануына үлкен жағдай жасап отыр.

– Жерлесіміз әрқашан балалар мен жастардың денсаулығын ойлап, саламатты өмір салтына жанашырлық танытып келеді. Біз оған үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, жұмысына сәттілік, табыс тілейміз! - дейді Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Бисенбиев.

Асқар Мұқсиевтың туған жеріне деген ыстық ықыласы мен спортқа деген шынайы жанашырлығы көпке үлгі. Мұндай азаматтардың арқасында ауыл спортында серпіліс болып, жас буынның болашағына жол ашылмақ.

Ақмарал БОКИРОВА,

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT