Индер спортында өрлеу бары қуантады. Жерлес үздік спортшылардың алды әлемдік, құрлықтық деңгейдегі жарыстарда олжа салуда.
Әлі талай жас таланттар Индер аудандық балалар спорт мектебінде тәлім алып, шеберліктерін шыңдауда. Бұл нәтижелі істе аталмыш мектеп директоры Мәлік Биғамбаевтың үлесі жатыр. Еселі еңбегі еленіп, кешегі Атырауда өткен «Sports awards - 2021» салтанатты шарасында Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қолынан "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-30 жыл" мерекелік медаліне ие болды.
Марапат құтты болсын!
Саламат Б.