Аудандық пробация қызметі тобы есепте тұрған сотталғандармен кездесу ұйымдастырды. Kездесу барысында сотталғандарға сот жүктеген міндеттері, жаза өтеу тәртіптері мен шарттары дөңгелек үстел барысында түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен бірлесе отырып, Президенттің «Шағын несиелендіруді кеңейту» бастамасын орындауда пробация қызметінің есебіндегі тұлғаларға қатысты жеке бизнесін дамыту мақсатында шағын несие алу сұрағы қарастыру жөнінде нұсқауына байланысты, жергілікті «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық филиалы төрағасының орынбасары, жұмыспен қамту бөлімі мамандары, жергілікті газет тілшісі және есепте тұрған сотталғандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында, сотталғандар тарапынан көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауаптар беріліп, нәтижесінде жеке кәсіп ашуға ниет білдірген «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік» бағдарламасы бойынша «Бастау бизнес» қысқа мерзімдік оқуды оқып, аяқтаған сотталған Д.Жунусов өз жеке кәсіптерін ашу идеяларын жүзеге асыру мақсатында кепілсіз, қайтарымсыз жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 556 000 теңге қаржылай ақша алды.
Айта кететін болсақ, 2020 жылы 3 сотталған А.Куттыбаев , Е.Шегербаев, Д.Тулешев жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 556 000 теңге қаржылай ақша алып, кәсіптерін жалғастыруда.
Б.КАНАТБАЕВА,
аудандық Пробация қызметі тобының
аға инспекторы