Жауыннан соң «Атырау-Индер» тас жолындағы шұңқыр пайда болды

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp месенджері арқылы Атырау-Индер тасжолында пайда болған шұңқырдың суреті таралуда.

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәлімдеуінше, «Атырау-Индер» тас жолының Атырау бағытынан 98/72 шакырым 7-ші ауыл  (Ақжайық ауданы) тұсында екі күндік нөсерден кейін пайда болған. Жергілікті атқарушы органдар ақпарат алған соң, кеше кешкісін асфальтта пайда болған шұңқырдың айналасына ескерту қоршауын орнатқан.

Қазіргі таңда шұңқырды жөндеуге арнайы материалдар мен құрылыс техникалара жіберілген.

Жолдың бүлінген жері жақын арада қалпына келтірілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521