Жат ағымға жақын болма

Индер аудандық жастар орталығының мәжіліс залында теолог маманмен «Дін ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең – қасіретің» атты кездесу кеші өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған бұл кешті бөлім басшысы А.Мурзин ашып, оның негізі дін саласына қатысты мемлекеттік саясатты тұрғындарға жеткізу, зайырлылық ұғымын түсіндіру, сонымен қатар діни сауаттылықты көтеріп, бойларына радикалдану үрдісіне қарсы рухани иммунитет қалыптастыру мақсатын көздейтіндігін айтты. Өңірге арнайы сапармен келген Ақтөбе қаласының тумасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, теолог-дінтанушы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы дәстүрлі емес діни ағымдар жөнінде жастарға көптеген мағлұматтар берді. Өзінің түзету мекемелерінде 16 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқандығы туралы айта келе, өмір тәжірибесінен көрген адасушылардың ол жолға қалай түсіп кеткендіктерін нақты мысалдарға сүйене отырып түсіндірді. - Қауіпсіздік комитеті бойынша «Жусан иісі» бағдарламасымен қазіргі кезде Сирияда адасып жүрген 500-дей жерлесіміз әкелінді. Оның 20 жуығы ер адам болса, 160-сы әйел адамдар, қалғаны бала-шаға. Олар аштықты, тапшылықты көріп қалған. Екі аптадай қастарында болып, жұмыс жасау маған да оңайға түспеді. Психологиялық ақаулары бар. Бірақ соларды осы қоғамға бейімдеп жіберу – барлығымыздың міндетіміз. Себебі, бір мемлекеттенбіз, қанымыз да бір, - деген теолог ондай теріс бағытқа ілеспеуге, басқа діннің тұзағына түсіп, адаспауға шақырды.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT