Жастар жемқорлық мәселесін көтерді

Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде. «Еліміздің ертеңгі тірегі – бүгінгі жастар» - деп Елбасы айтқандай, болашақ жастарға үлкен сенім артуда.

Осы ретте «Атырау адалдық алаңы» аудандық кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екендігі жөнінде пікірсайыс өтті. Елімізде орын алған пандемияға орай бұл сайыс «ZOOM» бағдарламасы арқылы қашықтықтан жүргізіліп, қатысушылар аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы, «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Аслан Қабижан мен ауданық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Диас Айбаров белгіленген 7 минут ішінде талдамалық және сындарлы ойлау, өз ұстанымын қорғау, байланысқа бейімділіктерін, білгірліктері мен жаңашылдығын, сондай-ақ кенет жағдайларда тез әрекет жасау сияқты қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ елімізде орын алған оқиғалар аясында пікір таластырып, түйінді мәселелерді шешуде тұшымды ойлар айтып, кез-келген салада адалдықты, әділдікті сақтаудың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.

89896

Пікірсайыс барасында Әсем Илияшова есімді көрермен жемқорлық тек басшылардың арасында көп кездескенмен, қарапайым халық арасында да жоқ еместігін жеткізді. Мысалы сот кезінде «Бәке, Сәке» деп айыпталушылардың құтылып кетіп жатқаны, жұмыссыз жүрген жастардың таныс-тамыр арқылы кіріп, шынайы таланттылар қалып жататынын тайға таңба басқандай айтып, осының өзі жемқорлық халық арасында да бар екендігін мәлімдеді.

Еркін форматта сұрақ-жауаппен алмасқан бас қосуды «Атырау адалдық алаңы» аудандық кеңесінің хатшысы Әсел Сарғойшина қорытындылап, белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойлары мен ұтымды пікірлерін жеткізген қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521