Жастар да үлесін қоса алады

Осы елдің азаматы болғандықтан, мемлекетіміздегі әрбір қоғамдық-саяси жаңалықтарын қалт жібермей отыратыным бар. Оның үстіне атқаратын қызметімде бұл аса қажет.

Мен де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Үндеуінде оқып, өз үнімді қосуды жөн көрдім.

Конституциялық заңға сәйкес өз мерзімінде өтетін сайлауға қатысты Үндеуде әсіресе әйелдер мен жастарға Парламенттен орын бөлінетіні айтылды. Бұл парламент парламент болғаны тұңғыш рет болғалы тұрған жаңалық деп қабылдаймыз. Демек, демократиялық принциптерге сай өтетін сайлауда жастар да өз бағын сынай алады деген сөз.

Елім дейтін азаматтардың ел ішінен табылатынына сенім де мол. Өйткені, жастарда жалын-жігер, заманға лайық білім де бар. Олар да елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне тың жаңалықтар әкелуге қабілетті деп білемін. Дамыған елдер қатарына қосылуға бағыт алған мемлекетіміз бұл мүмкіндікті беріп отыр.

Түйіндей айтқанда, шынында да біз, Тәуелсіз елдің жалынды жастары Президент Жолдауы мен Үндеуін әрқашан қолдаймыз және жүзеге асыру бағытында жұмыстанамыз.

Аслан ҚАБИЖАНОВ

аудандық «Жастар ресурстық» орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521