«Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, балалардың құқығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.

Шараға криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері жұмылдырылған. 
Шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау шараларымен қатар, профилактикалық жұмыстарды, олардың құқығын қорғау жұмыстарын да ауқымды түрде жүргізуде. Шара барысында жасөспірімдерді қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға тартқан, кәмелетке толмағандарға алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін сатқан, ата-аналық міндеттерін орындамайтын ересектерді анықтауға ерекше назар аударылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT