Жәшіктер орнатылады

Ауданымызда тазалық мәселесі әлі де өзекті. Әсіресе, аудан орталығындағы ахуал күрделі.

Соған байланысты тазалықпен айналысатын мекеменің эксперимент түрінде түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқаны көз алдымызда өтуде. Алдағы уақытта тағы бір жоба жүзеге аспақ екен.

-Мәселен, біздің мекеме кент келбетін көркейту мақсатында тағы бір пилоттық жобаны қолға алуда. Нақтырақ айтқанда, кенттің Бейбітшілік, Б.Нысанбаев пен Ш.Уәлиханов атындағы көшелердегі әрбір 2 үйге 1 қоқыс жәшігі мен полиэтилен қалдықтарына арналған тор жәшіктер орнатылады. Бұндай жәшіктерді болашақта кенттің барлық көшелеріне орнатуды жоспарлап отырмыз,-дейді "Жасыл аймақ"ar" ЖШС директоры Әнуарбек Кенжиев.

Директордың сөзінен ұққанымыздай, қазіргі таңда аталған көшелерге орнату үшін 40-40-тан 80 жәшік алынып қойылған.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT