ИНДЕР АУДАНЫ ЕЛТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН «ЖАС ӨРКЕН» ЛАГЕРІ АУДАН БАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАЗ АЙЫНДА БАС ҚОСАТЫН СҮЙІКТІ ЛАГЕРЛЕРІНІҢ БІРІ ЕДІ. АТАЛҒАН ДЕМАЛЫС ОРНЫ 2010 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ОСЫҒАН ДЕЙІН ЖЫЛ САЙЫН 1000-НАН АСА БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҚЫЗЫҚТЫ ДА МӘНДІ ӨТКІЗЕДІ. БҰДАН БЫЛАЙ АТАЛМЫШ ЛАГЕРЬ «ҚАЗАҚСТАН ГЕОЛОГІ» ЕМДЕУ ПАНСИОНАТЫНА ҚАРАЙТЫН БОЛАДЫ.
– «Жас өркен» жазғы демалыс лагері биылдан бастап «Қазақстан Геологі» емдеу пансионатының теңгеріміне берілді және жазғы кезеңге облыс бойынша оқушылар қабылданады. Оқушыларды қамтуды олардың аудандар бойынша тәртіптемесін облыстық білім беру басқармасы мен «Қазақстан Геологі» емдеу пансионаты белгілейді. Ауданға бөлініс берілгесін сол негізде мектептердің ұсынысы бойынша оқушылар демалысы ұйымдастырылады, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева.
Иә, балаларға арналған орынды тиімді пайдалану қажет-ақ. Үш айлық демалыстан бөлек бос уақытында шипажай сынды басқа да әлеуметтік демалыс орындарына айналдырса, халық үшін тиімді болар ма еді деген ой да жоқ емес.
Ж.НАРИМАНОВА