Жарсуат пен Бөдененің аты қалай ауысты?

Осы бір екі ауылдың атаулары қалай ауысып кеткені жөнінде ел ішінде әртүрлі әңгімелер айтылып жүр.

Шынында да үшінші ауылдың маңында Жайықтың жағасы тік құлама екені белгілі. Әуелгі тарихи атауы Жарсуат екені де сөзсіз. Біздің атақонысымыз – Қызылжар. Осы жердегі адамдарды 1937 жылдар шамасындағы ұжымдасу кезінде Бөдене бидің атымен аталатын екінші ауылға көшірді. Қалай Бөдене аталғаны жөнінде сол кезде бір топ азамат жоғары жаққа хат жолдап анықтағанбыз. Сол кезде (Ямаңкы) Махамбет ауданы жағынан келген «Мұқыр» қаракөл қой совхозы аз уақыт осы маңда қыстап, Қызылқоғаға қарай кетті. Осындай әртүрлі ұйымдастырулармен жаңағы адамдарды үшінші ауылға қайта көшірді. Міне, осы мезгілде нөмірге таласу деген болды. Сөйтіп жүргенде жаңағы тұрғындар «біз нөмірімізді бермейміз деп» тұрып алды. Сонымен екі ауылдың аты ауысып, Жарсуат, Бөдене болып қала берді.

Ж.Өтепқалиева,

«Құрмет орденінің» иегері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT