Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды. «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңында қандай жағдайда с а й л а у ж а р н а с ы қ а й т а р ы л а т ы н ы к ө р с е т і л г е н . Б і р і н ш і д е н , егер кандидат жеңіске жетсе оның жарнасы қайтарылады. Екінші жағдай – үміткер сайлаушылардың 5 пайыздан кем емес дауысын жинауы тиіс. Сонымен қатар, кандидат қайтыс болған жағдайда сай[1]лау жарнасы оның отбасына қайтарылады», - деп түсіндірді Сабила Мұстафина. Спикердің айтуынша, аталған талаптан басқа жағдайларда кандидаттың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынада қалады. Бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері - 3 мил[1]лион теңге.
ҚазАқпарат